A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2018 жылғы 1 жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ағымдағы жылғы 1-жарты жылдықта жалпы ауданы 52,5 га құрайтын жерде 142 тексерiс жүргiзiлдi (оның iшiнде 140- жоспардан тыс, 2 таңдаулы (жоспарлы) тесерiс). Тексерiс шаралары нәтижесiнде жалпы ауданы 28,6 га жерде 93 жер заңнамасы нормаларының бұзушылықтары анықталды (оның iшiнде 25,3 га ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер). Жалпы сомасы 4 млн 040 мың теңгеге 59 әкiмшiлiк айыппұл салынды, оның iшiнде 2 млн 390 мың теңге (60 %) өндiрiлiп алынды, жалпы 757 мың теңге соманы өндiру мақсатында сот орындаушыларына ақпарат жолданды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 92,94-баптарына сәйкес, жердi нысаналы мақсатына сай пайдаланудың қажеттiлiгi туралы 29,4 мың га ауданында 88 нұсқама берiлдi («Жаңа Жер» агрофирмасы» ЖШС 2017 жылғы тексерiс шаралары нәтижесiнде ағымдағы жылы 905 га аумағында 1 нұсқама берiлдi).

Басқармамен бекiтiлген iрiктеп тексеру тiзiмiне сәйкес 2018 жылдың 1-жарты жылдығында «Бурабай ауданының әкiмдiгi» ММ мен «Целиноград ауданының әкiмдiгi» ММ қатысты тексерiс шаралары жүргiзiлдi. Аталған тексерiстердiң нәтижесiнде Целиноград ауданы әкiмiнiң атына анықталған бұзушылықтарды жою қажеттiлiгi туралы нұсқама жолданды. «Бурабай ауданының әкiмдiгi» ММ қатысты жер заңнамасы нормаларының бұзушылығы анықталған жоқ. Аудан прокуратуралары органдарымен бiрлесе отырып, Зерендi, Бурабай, Бiржан сал, Шортанды аудандарының және Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмдерiне қатысты тексерiс шаралары жүргiзiлдi. Жергiлiктi атқарушы органдардың тексерiстерi нәтижесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау мерзiмдерiнiң бұзушылықтары анықталды.

Ағымдағы жылдың 21 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулардың енгiзiлуiне байланысты, басқармамен, бекiтiлген тiзiмге сәйкес ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 22 мамырына дейiн облыстың аудандары мен қалаларында ҚР жер заңнамасына енгiзiлген өзгерiстердi түсiндiру бойынша семинар-кеңестер өттi.

Сонымен қатар, Ақмола облысы әкiмiнiң хаттамалық тапсырмасының негiзiнде, басқармамен ағымдағы жылдың мамыр айында Егiндiкөл ауданына iссапар ұйымдастырылды. Iссапардың мақсаты: «Ауыл және ауылдық округтердiң әкiмдерiмен жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу» тақырыбында семинар-кеңес өткiзу, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына енгiзiлетiн өзгерiстердi түсiндiру, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын талқылау. Есiл, Зерендi, Бiржан сал, Ерейментау аудандарында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына енгiзiлетiн өзгерiстердi түсiндiру бойынша Степногорск, Көкшетау қалаларының, аудандарының қатысуымен аймақтық кеңестер өткiзiлдi.

Сондай-ақ, 2018 жылдың өткен кезеңiнде ҚР Жер кодексiнiң 148-бабы, 1-тармағындағы 4-тармақшасына сәйкес, анықталған жер заңнамасы нормаларының бұзушылықтары бойынша сот органдарына 13 мың 258 га ауданына 95 талап-арыз жолданды, оның iшiнде 4 мың 757 га жерде 40 талап-арыз қанағаттандырылды, 3 талап -арыз қараусыз қалды, 13 талап-арыз бойынша бас тартылды, қалған 39 талап-арыз сот органдарының қарауында.

Мақала құрылған уақыты: 11.07.2018
Қаралым саны: 129
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89, 2 қабат 225 кабинет

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz