A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Басқарма жұмысының 2017 жыл нәтижесі бойынша ақпарат

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жүктелген мiндеттер шеңберiнде, Басқармамен облыстық жерлердi пайдалану тиiмдiлiгiн бақылау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Осыған байланысты, Басқармамен 2017 жылы 300-ден астам заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерi қарастырылды, 425 тексерiс жүргiзiлдi, оның iшiнде жалпы 373 мың га аумағында 314 жер заңнамасы нормаларын бұзушылығы анықталған (оның iшiнде 372 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер) және 19,8 млн теңге сомасына әкiмшiлiк айыппұл түрiндегi жаза қолданылды.

2016 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы тексерiстер саны 80 % көбейдi, әкiмшiлiк айыппұл түрiндегi жаза 4 млн. теңге сомасыны ұлғайды.

Басқарманың пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлерiне қатысты, сондай-ақ объектiлер құрылысына арналған жер учаскелерiне қатысты жұмыс нәтижесi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттерiне пайдаланылмайтын жерлерге салық мөлшерлемесiн көтерудi қоладану арқасында 132,2 млн. теңге түстi.

Нұсқаманың бiр жылдық мерзiмi өткен соң, ауыл шаруашылық жерлер бойынша бақылау тексерiс шаралары жүргiзiледi. Аталған жерлердi мақсатына сай пайдаланбау фактiсi бiрiншi рет анықталған бес жылдық мерзiм iшiнде екi жыл бойы пайдаланбайтын болса сол жерлер мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Сонымен, 2017 жылы 2015-2016 ж.ж. тексерiстер нәтижесi бойынша пайдаланылмайтын 138 мың га ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша бақылау тексерiс шаралары жоспарланған болатын. Олардың iшiнен iс шара қолдану кезiнде 20,2 мың га аумағындағы жер пайдалана басталды, 10,8 мың га мемлекеттiк меншiкке қайтарылды, 34,5 мың га жерде азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасалды. Кәзiргi уақытта 72 мың га аумағындағы мақсатына сай пайдаланылмайтын жердi мемлекеттiк меншiкке алу жоспарланған, олардың iшiнен сот қарауында 50 мың га аумағындағы жердi алу бойынша 10 талап арыз бар. Қалғандары бойынша сотқа дейiнгi жұмыс жүргiзiлуде.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi алып қою процесiнiң күрделiлiгiн, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының тексерiстердi тiркеу санын төмендету туралы ұсыныстарын есепке алғанда, Басқармамен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарымен, ауыл шаруашылық ұйымдарымен, прокуратура органдарымен жер заңнамасы нормаларын сақтау қажеттiлiгi, ауыл шаруашылық алқаптарды пайдаланбайтын тұлғалармен келiсiм-шарттарды бiржақты бұзу және иесiз шаруашылық ретiнде тiркеу бойынша шара қабылдау туралы жерге шығумен түсiнiктеме жұмыстары жүргiзiлдi. Сонымен, аталған шаралар өткiзiлгеннен соң ауыл шаруашылық ұйымдары 16 мың га жердегi ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiнен өз еркiмен бас тартты.

Объектiлер құрылысы үшiн берiлген жерлер Басқарма бақылауында. Сонымен, 2015-2017 ж.ж. жүргiзiлген тексерiс шараларының нәтижелерi бойынша аумағы 570 га жерге 331 нұсқама берiлдi. Өткiзiлген бақылау тексерiсi нәтижесi бойынша 146 га аумағындағы 172 жер учаскесi пайдалана бастады. 113 га аумағындағы 39 жер учаскесi бойынша азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасалды; мемлекеттiк меншiкке 17 га аумақтағы 14 жер учаскесi қайтарылды. 294 аумақтағы 106 участке бойынша тексерiс шараларын өткiзу және пайдаланылмайтын жерлердi қайтару бойынша жұмыс жүргiзу жалғасуда.

Облыс аумағында жұмыс атқаратын жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына аса көңiл бөлiнедi.

Кәзiргi уақытта Ақмола облысында жер қойнауын пайдалану саласында өз жұмысын атқаратын 181 әрекеттегi келiсiмшарт тiркелген. Олардың iшiнен жер учаскелерiне құқықтарды 133 жер қойнауын пайдаланушы субъектiлерi рәсiмдедi.

Прокуратура органдарымен және басқа да мүдделi органдармен «Жер қойнауын қорғайық» жобасын iске асыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

Сонымен, жер қойнауын пайдалану саласында 2017 жылы 27 тексерiс шарасы жүргiзiлдi, 10 жер заңнамасы нормаларын бұзушылығы анықталды және әкiмшiлiк жаза қолданылды («Астана-Кызыл Тас» ЖШС Целиноград ауданы), «Gold trans industri» ЖШС Шортанды ауданы, "Есиль Люкс" ЖШС Еңбекшiлдер ауданы, «Esil ABS» ЖШС Целиноград ауданы, «Астанаинертразработка» ЖШС Целиноград ауданы және т.б.).

Жүктелген мiндеттер шеңберiнде заңсыз берiлген жерлердiң күшiн жою бойынша жұмыс жүргiзiлуде (ҚР ЖК 48 бабы). Сонымен, 2017 жылы Басқармамен 46,7 мың га аумағында 105 талып арыз берiлдi. Соның нәтижесiнде жер учаскелерiн жалға алу келiсiм шарттарын заңсыз деп тану бойынша 36 талап арыз қанағаттандырылды. Сонымен, Аршалы, Қорғалжын, Бурабай, Буанды, Атбасар, Астрахан аудандары мен Көкшетау қаласында мемлекет меншiкке 14,2 мың га жер қайтарылды.

2017 жылдың 1 жартыжылдығына облыс әкiмiмен бекiтiлген, аудандардағы жергiлiктi атқарушы органдарға және уәкiлеттi органдарға қатысты жерлердi беру бойынша өтiнiштердi қарастыру мерзiмдерiне таңдамалы тексерiс шараларды жүргiзу жоспарланған болатын. Бурабай, Целиноград, Қорғалжын, Шортанды аудандарындағы жер қатынастары бөлiмiнiң және әкiмдiктердiң лауазымды тұлғаларына жүргiзiлген тексерiс нәтижелерi бойынша (жалпы сомасы 340 мың теңге сомасына 30 АЕК) әкiмшiлiк айыппұл ретiнде жаза қолданылды.

Мақала құрылған уақыты: 10.01.2018
Қаралым саны: 461
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89, 2 қабат 225 кабинет

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz