A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бойынша ақпарат

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңының жобасында облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi уәкiлеттi органдарға жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды күшейту саласында қосымша мiндеттердi арту арқылы жер заңнамасына толықтырулардың енгiзiлгенi туралы айта кету қажет.

Сонымен, заң жобасында аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарымен, аудандық маңызы бар қалаларымен, кенттермен, ауылдармен, ауылдық округтер әкiмдерiмен жердi беру туралы қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына бақылау мiндеттерiн орталық уәкiлеттi органдардан облыстардың жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша уәкiлеттi органдарға беру көзделедi.

Өз кезегiнде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң пайдаланылуына бақылау жөнiндегi функциялар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiне берiледi.

Аталған заңға енгiзiлетiн түзетулер жердiң пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды күшейтедi деп есептеймiз, бiрақ сонымен қатар, барлық мүдделi мемлекеттiк органдармен тығыз өзара iс-қимылды қажет етедi.

ҚР Жер Кодексiнiң 92-бабына өзгерiстер енгiзу арқылы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлерiн алудың рәсiмiн жеңiлдету жоспарланады.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, оның iшiнде шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскесi пайдаланбау фактiсi алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екi жыл мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, онда мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Мақаланың шыққан күні: 29.03.2018
Қаралым саны: 165
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

-

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz