A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

Бiрiншi

145 баптың 1 тармағын келесi редакцияда:

Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды орталық уәкiлеттi орган, жердiң пайдалануы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органдар, аудандық атқарушы органдар (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдiктерi, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiктерi және өзге де уәкiлеттi органдар өз құзiреттерiнiң шегiнде;

Екiншi

146 бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға.

146 баптың 2 тармағының 6 тармақшасын келесi редакцияда:

Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды тiкелей жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi органның, аудандық атқарушы органдар (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының өзге де лауазымды адамдары жердiң пайдалануы мен қорғалуы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.

Үшiншi

147 бапты келесi редакцияда:

147 бап. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның, аудандық атқарушы органдар (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдiктерi, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдiктерiнiң функциялары;

Төртiншi

147 бапты келесi 2-2 тармағымен толықтыру:

Аудандық атқарушы органдар (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жер учаскесi иелерiне және ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерде жер пайдаланушыларына қатысты жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады.

1)жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;

2)жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

3)жердiң пайдаланылуы мен қорғалуы бойынша жер орналастырушы жобаларын орындау;

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2018
Қаралым саны: 161
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

-

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz