A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Жерді тиімді пайдалану мақсатында қолданылатын шаралар

Табиғаттың және барлығымыздың басты байлығымыз — жер және оның ресурстары. Баршамызға белгiлi болғандай, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердi тиiмдi пайдалану мәселелерi Ел басының «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты жолдауында баяндалған. Жолдаудың мiндеттерiнiң бiрi, жердi тиiмдi пайдаланатындарды ынталана отырып, ал жердi мақсатына сай пайдаланбайтындарға шара қолдану көрсетiлген.

Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердi тиiмдi пайдалану мәселелерi әрдайым өзектi болып келедi және аталған жерлерге бақылау жасау Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басты мiндеттерiнiң бiрi.

Осыған байланысты, 2015-2017 жылдар аралығында Ақмола облысының аумағында жалпы ауданы 658,3 мың га жердегi (оның iшiнде егiстiк жерлер — 166 мың га, жайылым жерлерi — 490 мың га) нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлер анықтала отырып, әкiмшiлiк шаралар қолданылды және бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берiлдi.

Сондай-ақ, жер заңнамасын бұзу фактiлерiн болдырмау шараларының бiрi пайдаланылмайтын жерлерге салықты 10-есеге дейiн ұлғайту болады.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлермен жұмыс нәтижелерi бойынша салынған әкiмшiлiк айыппұлдар мен салық салу соммасы 141,3 млн. теңгенi құрайды. Мүмкiндiктi пайдалана, аудан әкiмдiктерiнiң назарын аудара отырып, өңiрдiң экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк кiрiс басқармаларына пайдаланылмаған жер учаскелерiне салықты ұлғайту бойынша берешектердi өтеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде көмек көрсету қажеттiгiн айтқым келедi.

Жер учаскелерiн ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған жағдайда, Басқармамен ауыл шаруашылық айналымына тарту мақсатында жерлердi мәжбүрлеп алу бойынша iс-шаралар өткiзiледi.

Сонымен, 2015 жылда қабылданған шаралар нәтижелерi бойынша Басқарма тарапынан сот тәртiбiмен 12,5 мың га (Жақсы, Ерейментау, Сандықтау аудандары) мемлекет меншiгiне қайтарылды, 44,3 мың га бойынша iстер сот қарауында және де ағымдағы 2018 жылда тағы 60 мың га мемлекет меншiгiне қайтару жоспарланған.

Ел басының алға қойылған мақсаттарының бiрi агроөнеркәсiп кешендерiнде жаңа технологияларды қолдану және ғылымды дамыту болып табылады. Бұл бағытта, жерлердiң пайдалануына мониторингтi iске асыру үшiн ауыл шаруашылық жерлердi ғарыш арқылы зерттеу жұмыстары жоспарлануда.

Жер заңнамасын өзгерту жоспарында, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердiн пайдалануына бақылауды жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылайтың уәкiлеттi органдардан аудан әкiмдiктерiне берiлу қарастырылу үстiнде.

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2018
Қаралым саны: 259
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

-

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz