AA

Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Жиі қойылатын сұрақтар
Жер қатынастары саласында
1 Шетел азаматтары Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық жерлерін алуы мүмкін бе және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін осы мәселеде шектеулер бар ма? «Жер заңнамасының кейбір заңнамалық нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Елбасының 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына сәйкес бүгінде мораторий қолданылады: 1) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыз дана сатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жер пайдалану құқығын беруге 2) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге.Мораторий 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
2 ҚР азаматы жалға алынған жерді сатып алуы мүмкін бе? Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұған дейін оған жер пайдалануға берілген жер учаскесін сатып алу ниетін білдірген кезде, бұл тұлға аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш береді.Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті орган кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық құнын (бағасын) бекітеді және 2021 жылға дейін мораторий жарияланған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
3 Мемлекет егер жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, оны алып қоюы мүмкін бе? Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес – жер учаскесін игерудің мерзімі мен жағдайларын жергілікті атқарушы органдармен осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындалады.Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
4 Жер учаскесін жалға алу шартын ұзарту үшін қандай органға және қандай мерзімде өтініш білдіру қажет? ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес - Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
5 Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін қалай алуға болады? Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда), Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабындағы 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүзеге асырылады.Сауда-саттық, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.Жер учаскелерінің сауда-саттыққа шығарылатыны туралы ақпарат мерзімді баспасөз басылымдарында және сатушының интернет-ресурсында жарияланады.
6 Жер учаскесінің нысаналы мақсаттылығы бойынша пайдалануын тексеру үшін қай органға өтініш білдіруге болады? Қолданыстағы Жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, өзге де уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері өз құзыретінің аясында жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы саласында
1 Астық нарығын мемлекеттік реттеу қалай жүзеге асырылады? Астық нарығына қатысушыларының қызметтерін мемлекеттік реттеу төмендегілер арқылы жүзеге асырылады: 1) уәкілетті органмен бекітілетін біліктілік талаптарының негізінде астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиялау; 2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;
3) Астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелінген зертханалардың қызметін бақылау; 4) астық қолхаттары айналымын құқықтық реттеу; 5) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтерді жүзеге асыруды лицензиялық бақылау.
2 ЖҚШ-ны ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірудің артықшылығы неде? 1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылтайшылары өздерінің заңды мәртебесін (ШҚ, ЖҚШ және т.б.) және өзінің мүлкін сақтайды, яғни, өз жерлерінің, өнімдерінің, техникаларының және т.б. мүліктерінің иелері болып қала беруі; 2. Өнімді қайта өңдеу кәсіпорнына дейін (делдалсыз) өткізуге кепілдік беру; 3. Алғашқы өңдеуден өткен өнімдерді өткізу есебінен өнім сапасы мен өнімнен алынған кірістердің артуы; 4.Ауыл шаруашылығы кооперативі кірісінен кооператив мүшесінің өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысуына қарай тепе-тең түрде дивидент алу; 5. Кооператив қызметтерін өзіндік құн бойынша ұсыну; 6. Кооператив мүшелерінің мүдделері қорғалады және өндірістік, ұйымдастыру, экономикалық және басқа да мәселелерді шешу кезінде жер жарнасына төленетін жарнаға қарамастан кооперативтің жалпы жиналысында кооператив мүшесінің дауыс беру құқығының болуы (1 мүше - 1 дауыс); 7. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің (ШҚ, ЖҚШ және т.б.) ЖЖМ, тыңайтқыш, тұқым, гербицид, мал азықтарын және басқаларын сатып алған кезде шығындарын қысқарту; 8. Ауыл шаруашылығы кооперативі мамандарынан (агроном, ветеринар және т.б.) ақпараттық-консультативтік көмекті өтемсіз алу; 9. Жерлерді, ауыл шаруашылығы техникаларын, өнім өндірісінің озық технологиясын бірлесіп пайдалану мүмкіндігі; 10. Кооперацияның бірлескен объектілерін ұйымдастыру мүмкіндігі (кооператив иесі); 11. Мемлекеттік қолдау шараларын, ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне беру:- субсидиялар (гербицидтердің, тыңайтқыштардың, тұқымдардың, өнімдердің және басқалардың құнын субсидиялау), сатып алынған а/ш техникасын, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қайта өңдеу бойынша техникалық жабдықтарды және т.б. инвестициялық субсидиялау;- жылдың пайыздық мөлшерлемесі 6% болып табылатын 3-5 жылға 3-16 млн. теңге көлемінде жеңілдікпен кредит беру («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы) а/ш жануарларын өсіруге, бордақылауға, сүт қабылдау пунктін, мал сою цехын, мал азығы цехын және басқаларын ұйымдастыруға).
3 Инвестициялық субсидия төлеу кезінде қандай талаптар қойылады? Субсидиялауға операторға өтініш берілген жылға дейін екі жылдан кеш емес уақыиқа пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, субсидиялауға инвестор инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 айдан ерте емес мерзімде шеккен инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықты сатып алуға кеткен шығыстар жатады.Инвестициялық субсидияны есептеу іс жүзінде салынған инвестициялар бойынша жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу пайызы Жобалар төлқұжаттарының тізбесінде қарастырылған өтеу нормативіне сәйкес белгіленеді.
4 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылды жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға не қарастырылған? Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы еңбек нарығында талап етілген кәсіби дағдылары және біліктілігі бойынша тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қолдауын қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.Бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуына қолғабыс ету және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.Бағдарламаның негізгі міндеттері – еңбек нарығының қажеттілігі есебімен техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындау, еңбек нарығында талап етілген кәсіби дағдылары және біліктілігі бойынша жұмыс кадрларының қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда және қалада шағын несиелеуді кеңейту, еңбек ресурстарының жұмылдырылуын арттыру, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлы алаң құру.Микробизнесті ашу, ісін жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлердің қызметін қеңейту үшін, зәкірлі кооперациясындағы қатысушылардың қызметін дамыту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін облыстың барлық аудандарында және Степногорск қаласында бағдарлама іске асырылатын болады.Ауылды елді мекендерде және шағын қалаларда іскеасырып жүрген және жоспарлап отырған бизнес-жобаларды іске асыру үшін, микронесиелер Бағдарлама қатысушыларына беріледі.Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған және тұрмаған жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарлама қатысушылары болып табылады.Бағдарламаның іске асырылуы, ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер санын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.Кепілзаттық қамсыздандыру жетіспегенде алған микронесиелерді кепілдендіру бойынша Бағдарламамен мемлекеттік қолдау көзделген.
5 ҚҚС субсидиялау төлемдерінің шарттары қандай? Нысан бойынша есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде субсидияларды аудару үшін өтінімдер бюджетке төленетін қосылған құн салығы сомасы толық төленгеннен кейін, корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша есептік жылға декларацияларды тапсыру бойынша салық міндеттемесі орындалғаннан кейін өтінімдер қабылданады.Дайындаушы ұйымның табыстары өткізілген ауыл шаруашылығы өнімінен жылдық жиынтық табысы 90 пайыздан кем емес болуы қажет (есептік жылға).Өтінімде берілген мәліметтердің сәйкестігі, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бойынша мәліметтер және дайындаушы ұйыммен ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша мәліметтер, мемлекеттік кірістер органдарымен ұсынылған дайындаушы ұйымдар бойынша мәліметтер.
Мақаланы құрған күні 17.09.2019 09:23
Мақаланы жаңартқан күні 23.09.2019 12:27
Қаралым саны: 323

Яндекс.Метрика

© 2019. Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы