A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Басқарманың 2018 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жалпы ауданы 18700,0 га құрайтын 73 тексерiс (оның iшiнде 72- жоспардан тыс, 1- жоспарлы) жүргiзiлдi. Тексерiс қорытындысы бойынша жалпы ауданы 12592,5 га құрайтын (оның iшiнде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 12532,3 га) 43 жер заңнамасы нормаларының бұзушылығы анықталды. Жалпы сомасы 2млн 44 мың тенгенi құрайтын 24 әкiмшiлiк жаза қолданылды, оның iшiнде 1 млн 286 теңге тенге өндiрiлдi (63 %), сомасы 575 мың теңге мөлшерiнде салынған айыппұл құжаттары сот орындаушыларға мәжбүрлеп өндiруге жолданды.

ҚР Жер Кодексiнiң 92,94-баптарына сәйкес, жер телiмдерiн нысаналы мақсатында пайдалану туралы жалпы ауданы 13 440,0 га құрайтын 27 ұйғарым жолданды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 148-бабында 1-тармағының, 4-тармақшасына сәйкес, 2018 жылдың бiрiншi тоқсаны бойынша Басқармамен, жер заңнамасының нормаларын бұзғаны үшiн жалпы ауданы 13,237 гектарға 33 талап-арыздары берiлдi, оның iшiнде 1 талап-арызы қанағаттандырылды, жалпы алаңы 3 гектар, 0 талап арызсыз қалды, 3 талап-арыздан бас тартылған, қалған 29 iстер сот органдарында қаралуда.

- пайдаланылмайтын жер учаскелердi мемлекеттiк меншiкке мәжбүрлет алу бойынша сотқа 10 талап арыз берiлдi, оның iшiнде ауданы 471,8 га жердегi 1 талап арыз қанағаттандырылды, 2 талап арыз бойынша бас тартылды, 7 талап арыз қарастырылуда.

-жер учаскелердi сату-алу келiсiм-шарттарының күшiн жою бойынша 2 талап арыз берiлдi, оның iшiнде 1 талап-арыз қаралуда, 1 бас тарту;

- жер учаскелерiнiң жалға алу шарттарының күшiн жою бойынша 19 талап-арыз берiлдi, оның барлығы сот қарауында;

- әкiм өкiмiнiң күшiн жою бойынша 1 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде 1 талап арыз қаралу үстiнде.

- сот орындаушының iс-әрекеттерi мен әрекетсiздiгiне шағымдану туралы 1 талап-арыз соттың қарауында.

2018 жылдың I жартыжылдығына арналған бекiтiлген iрiктеп алынған тексерiстер тiзiмiне сәйкес, «Бурабай ауданы әкiмi аппараты» ММ қатысты iрiктелген тексерiс жүргiзiлдi.

Сонымен қатар, аудандардың прокуратура органдарымен бiрлесе Зерендi, Бурабай, Еңбекшiлдер, Шортанды аудандары және де Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органдары және жер қатынастары бөлiмдерiне қатысты тексерiс iс- шаралары жүргiзiлдi. Тексерiс қорытындысы бойынша жоғары аталған аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарымен жiберiлген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау мерзiмдерi бойынша заң бұзушылықтар анықталды.

Облыс әкiмi орынбасарының хаттамалық тапсырмасы негiзiнде, «Ауыл және ауылдық округтер әкiмдерiмен жердi пайдалану мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу» туралы Заң жобасын талқылау тақырыбында, ағымдағы жылда Егiндiкөл, Есiл және Зерендi аудандарында семинар — кеңес өткiзiлдi.

Дата создания статьи: 11.04.2018 15:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.04.2018 15:59
Қаралым саны: 155
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

-

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz