A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
2015 жылғы арналған хабарландыру

«Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды («Арқа ажары» газетiнде 2015 жылдың 21 қарашасында №141 (17705).

Құқықпен қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы — мемлекеттiк инспектор, 1 бiрлiк (негiзгi қызметкердiң бала күту демалысы кезеңiне)D-О-4»санаты. Лауазымдық айлық ақы 64 063 — 86 485 теңге еңбек сiңiрген жылдарына тәуелдi.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:Өз мақсатында пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз дайындау және жолдау, жер учаскелерiн беруге, мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға, мәжбүрлеп иелiктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешiмдердiң күшiн жою туралы, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде берген нұсқамаларын осы нұсқама берiлген тұлғалар нұсқамада көрсетiлген мерзiмде орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндiрiп алу туралы iстер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге; жердi пайдалануға мемлекеттiк бақылауын жүзеге асыру; сот органдарына мәлiметтердi дайындау; сот органдарда басқарманың мүддесiн қорғауын ұсыну; жер құқықтық қатынастарын реттеу бойынша мәлiметтерiн, жеке тұлғалардың өтiнiшi мен арызын қарастыру, заңнама сақталуына бақылау жасау; басқарманың қызметкерлерiне заңнамадағы өзгерiстер жөнiнде түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: жоғары бiлiм құқық саласында .

Орта кәсiби бiлiмi рұқсат етiледi:осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi болған жағдайда жiберiледi.

Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен бекiтiлген «Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымды алуға конкурс өткiзу мен конкурстық комиссия құру ережелерiнiң» негiзiнде өткiзiледi.

Конкурстық комиссияның айқындығын және әдiлеттiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысында бақылаушылардың болуы жiберiледi. Бақылаушы ретiнде тiркелу үшiн мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiне жүгiну керек.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар келесi құжаттарды тапсырады: 1)Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш; 2) Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған 3х4 фотосуретi бар сауалнама; 3) наториалды куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi; 4) наториалды куәландырылған еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 5) белгiленген үлгiдегi (№086/У) денсаулық жағдайы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi; 7) құжаттарды тапсыру сәтiнде маңызы бұзылмаған, шектеулi мәннен төмен емес нәтижесiмен тестiлеуден өткенi туралы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар, кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнде өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар, конкурс өткiзiлгендiгi туралы «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерiнде хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейiнгi 10 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуы қажет.

Мекен-жайы:, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 89 үй, 2 қабат, 225 кабинет, анықтама телефондары:8(7162)25-13-58,факс 8(7162)25-75-42, электрондық почта мекен-жайы: 257542zem@mail.ru.

Дата создания статьи: 10.11.2017 10:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.02.2018 09:35
Қаралым саны: 361
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

-

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz