A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстар өткізу ережесі

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк қызмет iстерi және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

iс-қимыл агенттiгi төрағасының

2017 жылғы 21 ақпандағы

№ 40 бұйрығына

1-қосымша

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына және 29-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзiрлендi және "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрi — конкурс) өткiзу тәртiбiн айқындайды.

2. Конкурс "Б" корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымы бар (бұдан әрi — бос лауазымдар) мемлекеттiк органмен өткiзiледi.

3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды iрiктеу үшiн конкурс комиссиясын қалыптастырады.

4. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

5. Мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс, функциялары, өкiлеттiктерi мен штат саны өзгерiстерге жатпайтын мемлекеттiк органның құрылымдық пен аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволарының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды қоспағанда, оны өткiзудiң кез келген кезеңiнде тоқтатылуға тиiс.

2-тарау. Конкурсты өткiзу тәртiбi

6. Конкурс мынадай түрлерден тұрады:

1) осы мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурс;

2) барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурс;

3) жалпы конкурс.

7. Конкурс бiрқатар жүйелi кезеңдердi қамтиды:

1) конкурс өткiзу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;

3) мемлекеттiк органның конкурс комиссиясын немесе бiрыңғай конкурс комиссиясын құру;

4) конкурсқа қатысушылар құжаттарының Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14542 болып тiркелген) бекiтiлген "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына (бұдан әрi — бiлiктiлiк талаптары), жарияланған лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ Заңның 16-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарау;

5) кандидаттармен мемлекеттiк органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

6) мемлекеттiк органның конкурс комиссиясының қорытындысы.

8. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

9. Конкурсқа Заңның 16-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

10. Мемлекеттiк органға осы Қағидалардың 43, 76 немесе 78-тармақтарында көзделген құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.

11. Конкурс комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде әңгiмелесуге жiберiлген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрi — кандидаттар) болып табылады.

12. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзедi және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады.

3-тарау. Конкурс комиссиясын қалыптастыру

13. Конкурс комиссиясы осы Қағидалармен айқындалған тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органның басшысымен немесе жауапты хатшымен (аппарат басшысымен) қалыптастырылады.

14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетiлген тұлғаның шешiмi бойынша конкурс комиссиясының төрағасы тағайындалады.

15. Аудандарда, қалаларда, облыстарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшiн бiрыңғай конкурс комиссиясын құруға жол берiледi. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық атқарушы органдардың бiрыңғай конкурс комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар тұлғаның шешiмiмен құрылады.

Бiрыңғай конкурс комиссиясының төрағасы осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тұлғаның шешiмi бойынша тағайындалады.

16. Орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының аудандық аумақтық бөлiмшелерi үшiн орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшелерiнде бiрыңғай конкурс комиссиясын құруға жол берiледi. Аудандық аумақтық бөлiмшелердiң бiрыңғай конкурс комиссиясы орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесi басшысының шешiмiмен немесе жоғары тұрған органның шешiмiмен құрылады.

Бiрыңғай конкурс комиссиясының төрағасы осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тұлғаның шешiмi бойынша тағайындалады.

17. Конкурстық комиссия кемiнде бес мүшеден, соның iшiнде төрағадан тұрады. Бұл ретте орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының iшiнде құрылатын конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның үштен бiрiнен кем емес мөлшерiнде түрлi құрылымдық бөлiмшелердiң өкiлдерi қосылады.

18. Конкурс комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) қызметкерлерi не персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) мiндетiн атқару жүктелген тұлғалар, орналасуға конкурс өткiзiлетiн бос лауазымдары бар құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерi, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бiрiншi бөлiгiнде, 16-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тұлға анықтайтын өзге адамдар енгiзiледi.

19. Бiрыңғай конкурс комиссиясының құрамына аталған комиссия комиссия солар үшiн құрылған мемлекеттiк органдардың не мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары енгiзiледi.

20. Конкурс комиссиясының құрамына конкурс қатысушысы кiрмейдi.

21. Конкурс комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етудi жүзеге асырады, оның мүшесi болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

22. Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерiн алмастыруға жол берiлмейдi.

23. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бiрiншi бөлiгiнде, 16-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тұлғаның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

24. Конкурс комиссиясы әрбiр жарияланған бос лауазым үшiн бейiндi, ситуациялық және уәждемелiк сұрақтар тiзбесiн қалыптастырады.

25. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

26. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және барлық деңгейдегi мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң (үкiметтiк емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкiлдерi, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) қызметкерлерi қатыса алады.

27. Байқаушылар әңгiмелесу процессiнде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректерiне қатысты мәлiметтердi жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсiмдерiнде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берiлмейдi.

28. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) әңгiмелесу басталғанға дейiн құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

29. Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгiмелесу басталғанға дейiн осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

30. Байқаушылар тиiстi мемлекеттiк органның басшылығына және уәкiлеттi органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерiнiң пiкiрлерiн жазбаша түрде бере алады.

31. Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткiзген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бiрiншi бөлiгiнде, 16-тармағының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тұлғаның келiсiмi бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретiнде мемлекеттiк орган қызметшiлерiнiң 5 пайызынан аз қызметшi ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органның қызметкерi болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның iшiнде ғылым саласында жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды iрiктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

32. Сарапшылар әңгiмелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның iшiнде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тiзбесiне кiрмейтiн сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелерiне кандидаттар туралы өз пiкiрлерiн бiлдiредi. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

33. Конкурс аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органдарға ақпарат берудi немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметi туралы заңнамасымен бекiтiлген басқа да жағдайларды қоспағанда мемлекеттiк органның қызметкерлерiмен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректердi жария етуге жол берiлмейдi.

34. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерiнiң кандидаттармен әңгiмелесуiне және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол берiледi.

4-тарау. Осы мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурс

35. Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшiн мемлекеттiк орган осы мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурс (бұдан әрi — iшкi конкурс) өткiзедi, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi де, сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) немесе бiрыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда iшкi конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшiн құрылған мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында өткiзiледi.

36. Төменгi болып табылатын бос лауазымға орналасу үшiн iшкi конкурс өткiзiлмейдi.

1-параграф. Iшкi конкурс туралы хабарландыру

37. Iшкi конкурс өткiзу кезiнде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттiк органның және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында да мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырылады.

Персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттiк органның интернет-ресурсында жарияланады.

38. Конкурс өткiзу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейiн Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртiппен конкурстық рәсiмдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берiлмейдi.

39. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтиды:

1) мекенжайы көрсетiлген конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық пошта мекенжайлары;

2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;

3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), ол iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi;

5) осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар тiзбесi;

6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;

7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;

8) конкурсқа қатысу үшiн өтiнiш нысаны.

40. Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына өткiзiлсе, бұл шарт конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiледi.

2-параграф. Iшкi конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау

41. Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

42. Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкiмет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

43. Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

44. Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

45. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

3-параграф. Iшкi конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру

46. Құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр жұмыс күн iшiнде конкурс комиссиясы тапсырылған құжаттарды бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгiмелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

47. Шешiм хаттама түрiнде ресiмделедi және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.

Конкурс комиссиясының мүшелерi шешiмге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.

48. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттардың тiзiмiн және оны өткiзудiң кестесiн қалыптастырады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттардың тiзiмi мен әңгiмелесудi өткiзу кестесi конкурс жариялаған мемлекеттiк органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшiлiкке көрiнетiн жерлерде конкурс комиссиясымен шешiмдi қабылдау күннен кейiн бiр жұмыс iшiнде және әңгiмелесудi өткiзуге дейiн бiр жұмыс күннен кешiктiрмей орналастырылады.

49. Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар конкурстық комиссия шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жұмыс күн iшiнде және әңгiмелесудi өткiзуге дейiн бiр жұмыс күннен кешiктiрмей әңгiмелесу өткiзу күнi туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жiберу жолымен жүзеге асырылады.

50. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр жұмыс күн iшiнде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

4-параграф. Iшкi конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгiмелесу

51. Әңгiмелесудiң мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

52. Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.

53. Кандидаттарды бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Екi және одан көп бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидат бiр әңгiмелесуден өтедi. Әңгiмелесу барысында оған әр үмiттенген бос лауазым үшiн сұрақтар қойылады, және оған қатысты жүргiзiлетiн бағалаудың нәтижелерi әр үмiттенген бос лауазым бойынша бөлек бағалау парақтары толтырылады.

Бос лауазымға үмiткер кандидаттарға сұрақтар тең көлемде қойылады.

Әрбiр кандидатпен әңгiмелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегiмен белгiленедi.

Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгi жасалады.

Әңгiмелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегiмен белгiленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзiм бойы персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) сақталады.

Әңгiмелесу кезiнде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуiне кедергi келтiрмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

54. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.

5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы

55. Әңгiмелесу өткiзiлгеннен кейiн екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей өткiзiлетiн қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

56. Кандидаттарды бағалау нәтижелерi осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы бағалау парағына енгiзiледi.

57. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

58. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының үштен екi кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

59. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

60. Конкурс комиссиясының шешiмi мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тiзiмi конкурс өткiзiлгеннен кейiн бiр жұмыс күн iшiнде мемлекеттiк органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрiнетiн жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

61. Конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн екi жұмыс күн iшiнде хабарлайды.

5-тарау. Барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурс

62. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған осы мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурсқа қатысушылар болмаған кезде немесе мемлекеттiк орган құрылған кезде барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурс өткiзiледi.

Егер бос лауазымдар басқарушы емес болса, немесе тар шеңберде мамандырылған болса, немесе мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының C-R, Е, E-R және E-G санаттарына жатқан жағдайда мемлекеттiк орган Заңның 29-бабы 2-1-тармағына сәйкес барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурсты өткiзбестен, жалпы конкурс өткiзе алады

63. Барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурсты өткiзу тәртiбi мен мерзiмдерi осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетiлген iшкi конкурстың тәртiбi мен мерзiмдерiне ұқсас.

64. Барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурста конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушылар болмаған жағдайда жалпы конкурс өткiзiледi.

6-тарау. Жалпы конкурс

65. Төменгi болып табылмайтын бос лауазымға орналасу үшiн жалпы конкурс орталық атқарушы органда не оның ведомствосында уәкiлеттi органмен келiсу бойынша, ал орталық мемлекеттiк органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлiмшесiнде не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсу бойынша өткiзiледi.

66. Бос болып табылатын төменгi лауазымға орналасу үшiн өткiзiлетiн жалпы конкурс уәкiлеттi органмен не оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсуге жатпайды.

67. Төменгi болып табылмайтын лауазымға орналасуға арналған жалпы конкурс өткiзудi келiсу үшiн, бос лауазымы бар мемлекеттiк орган уәкiлеттi органға не оның аумақтық бөлiмшесiне сұрау жiберiп, оған мынадай құжаттарды қоса бередi:

1) осы мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерiнiң арасындағы iшкi конкурс, сондай-ақ барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң арасындағы конкурс өткiзу туралы мәлiметтi қамтитын;

2) iшкi конкурстардың конкурс комиссияларының қорытынды отырыстарының хаттамалары.

Мемлекеттiк орган осы тармақта көрсетiлген құжаттарды тапсырмаған немесе толық емес тапсырған жағдайда, сұрау және қоса берiлген құжаттар уәкiлеттi органмен не оның аумақтық бөлiмшесiмен олар түскен сәттен бастап үш жұмыс күн iшiнде қарастырусыз қайтарылады.

68. Уәкiлеттi орган не оның аумақтық бөлiмшесi тапсырылған материалдарды олар келiп түскен сәттен бес жұмыс күнi iшiнде қарастырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) жалпы конкурс өткiзуге келiседi және тиiстi хабарландыруды уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырады;

2) келiсуден бас тартады.

69. Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау, жалпы конкурс өткiзуге келiсiм беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

1-параграф. Жалпы конкурс туралы хабарландыру

70. Жалпы конкурс өткiзу кезiнде хабарландыру конкурс жариялаған мемлекеттiк органның және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырылады.

Орталық мемлекеттiк органның ведомстволарында және олардың аумақтық бөлiмшелерiнде конкурс өткiзу кезiнде хабарландырулар орталық мемлекеттiк органның интернет-ресурсында да жарияланады.

Орталық мемлекеттiк органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлiмшелерiнде конкурс өткiзу кезiнде хабарландыруларды Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға жол берiледi.

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландыруларды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға жол берiледi.

Персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) құрылған жағдайда хабарландыру құрылымында тұратын мемлекеттiк органның интернет-ресурсында жарияланады.

71. Конкурс өткiзу туралы хабарландырулар жариялағаннан кейiн Заңның 15-бабы 3-тармағы, 29-бабының 4-тармағында көзделген тәртiппен конкурстық рәсiмдер аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берiлмейдi.

72. Жалпы конкурсты өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтиды:

1) мекенжайы көрсетiлген конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органның атауы, почталық мекенжайлары, телефон және факс нөмiрлерi, электрондық почта мекенжайлары;

2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар;

3) мемлекеттiк органмен айқындалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

4) құжаттарды қабылдау мерзiмi (7 жұмыс күнi), ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi;

5) осы Қағидалардың 76 немесе 78-тармақтарында көрсетiлген қажеттi құжаттар тiзбесi;

6) әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны;

7) конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;

8) конкурсқа қатысу үшiн өтiнiш пен қызметтiк тiзiмнiң нысаны.

73. Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына өткiзiлсе, бұл шарт конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiледi.

2-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау

74. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

75. Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

76. Жалпы конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

77. Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

78. Осы Қағидалардың 62-тармағы екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшiн мемлекеттiк қызметшi және Заңның 29-бабы 5-тармағы бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам келесi құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжат тапсырғанға дейiн бiр айдан аспайтын уақытта расталған қызметтiк тiзiм;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

79. Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

80. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

81. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың қызметтiк тiзiмi, өтiнiш және құжаттары персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) сақталады.

82. Конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде оларға осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында, сондай-ақ 78-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген құжаттар қайтарылады. Көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi алынады және олар персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) сақталады.

Осы Қағидалардың 76 және 78-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды сақтау мерзiмi Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10345 болып тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген Сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiне сәйкес айқындалады.

3-параграф. Жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыру

83. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiн екi жұмыс күн iшiнде олардың тиiстi "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгiмелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

84. Шешiм хаттама түрiнде ресiмделедi және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.

Конкурс комиссиясының мүшелерi шешiмге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.

85. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттардың тiзiмiн және оны өткiзудiң кестесiн қалыптастырады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттардың тiзiмi мен әңгiмелесудi өткiзу кестесi конкурс жариялаған мемлекеттiк органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшiлiкке көрiнетiн жерлерде конкурс комиссиясымен шешiмдi қабылдау күннен кейiн бiр жұмыс iшiнде және әңгiмелесудi өткiзуге дейiн бiр жұмыс күннен кешiктiрмей орналастырылады.

86. Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар конкурстық комиссия шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жұмыс күн iшiнде және әңгiмелесудi өткiзуге дейiн бiр жұмыс күннен кешiктiрмей әңгiмелесу өткiзу күнi туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жiберу жолымен жүзеге асырылады.

87. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр жұмыс күн iшiнде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

4-параграф. Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгiмелесу

88. Әңгiмелесудiң мақсаты кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

Конкурс комиссиясы жеке қасиеттердi бағалау нәтижелерiн ескередi.

89. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.

90. Жалпы конкурсқа қатысушылармен әңгiмелесу осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетiлген тәртiпте өткiзiледi.

91. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.

5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы

92. Әңгiмелесу өткiзiлгеннен кейiн екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей өткiзiлетiн қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

93. Кандидаттарды бағалау нәтижелерi осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы бағалау парағына енгiзiледi.

94. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

95. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының үштен екi кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

96. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

97. Талқылау барысы мен конкурс комиссиясының шешiмi конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттама жасауды iске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрiнде ресiмделедi.

Конкурс комиссиясының мүшелерi шешiмге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады.

98. Конкурс комиссиясының шешiмi мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тiзiмi конкурс өткiзiлгеннен кейiн бiр жұмыс күн iшiнде мемлекеттiк органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрiнетiн жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

99. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, ол аяқталғаннан кейiн екi жұмыс күн iшiнде хабарлайды.

7-тарау. Кандидаттың лауазымға орналасуы

100. Конкурс комиссиясының шешiмi қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейiн, мемлекеттiк лауазымға тағайындауға құқығы бар адам конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.

Конкурсқа бiр кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындала алады.

Мемлекеттiк орган жарияланған лауазымға мемлекеттiк қызметке алғаш рет кiрген немесе мемлекеттiк қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кiрген азаматтарды қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде олардың құжаттарын ұлттық қауiпсiздiк органдарына арнайы тексерудi жүргiзу үшiн жолдайды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлде № 784 қаулысымен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актiлерiмен көзделген жағдайларда мемлекеттiк лауазымға тағайындауға құқығы бар адам кандидатты жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келiсiмi бойынша лауазымға қабылдайды.

8-тарау. Шағым жасау тәртiбi

101. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

102. Бес жұмыс күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешiмiне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiп түскен шағым бойынша тиiстi шешiм қабылдауына дейiн конкурс комиссиясының шешiмiнiң қолданылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.

103. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келiп түскен шағымды қарайды және оның негiзiнде тексеру жүргiзедi.

104. Жүргiзiлген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгiзедi.

105. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.

Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн iшiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.

106. Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

"Б" корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 1-қосымшасы

Байқаушыға жадынама

Байқаушының:

конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;

олармен әңгiмелесуге қатысуға;

әңгiмелесу өткiзу рәсiмi туралы ол аяқталғаннан кейiн өз пiкiрiн бiлдiруге;

әңгiмелесу өткiзу барысы туралы жалпы баға беруге;

конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттiк органның басшылығына және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға өздерiнiң пiкiрлерiн жазбаша түрде беруге мүмкiндiгi бар.

Байқаушы:

конкурс қатысушыларының жеке басы деректерiн жариялай алмайды;

әңгiмелесу өткiзу процесiне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергi жасай алмайды;

конкурс қатысушыларына қандай да бiр жәрдемдесе алмайды;

конкурс комиссиясының мүшелерiне олардың шешiм қабылдауында әсер ете алмайды;

нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттерi туралы жария бағалай алмайды немесе пiкiрiн бiлдiре алмайды.

"Б" корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi______________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына

қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға

мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________

__________________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

"Б" корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________

тегi, аты және әкесiнiң аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түрлi түстi/ цветное,3х4)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ            
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения

_____________________________________________

тегi, аты және әкесiнiң аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түрлi түстi/ цветное,3х4)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛIМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күнi және жерi/

Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тiлдерiн бiлуi/

Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрi, оны тағайындау күнi мен негiзi (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау күнi мен нәтижесi, егер үш жылдан кем жұмыс iстеген жағдайда, нақты жұмыс iстеген кезеңiндегi бағасы көрсетiледi (мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күнi/Дата

қызметi, жұмыс орны, мекеменiң орналасқан жерi/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күнi/дата

"Б" корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 4-қосымшасы

Кандидатты бағалау парағы

(басқарушы лауазымдар үшiн)

Кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

__________________________________________________________________________

Лауазымы ______________________________________________________________________

1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тiзiмiндегi нөмiрi)_______________________________________

2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тiзiмiндегi нөмiрi) ______________________________________

3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тiзiмiндегi нөмiрi) ______________________________________

Өлшем

Балл *

1-сұраққа жауап (бейiндi)

2-сұраққа жауап (ситуациялық)

3-сұраққа жауап (уәждемелiк)

Кәсiби тәжiрибе

Бiлiм деңгейi

Басқару дағдылары

Коммуникативтiк дағдылар

Барлығы

Ескертпе:

* 0-ден 5 баллға дейiн қойылады

** қосымша критерий мемлекеттiк органмен қажет болған жағдайда дербес айқындалады

1-сұраққа жауап (бейiндi):

0 балл — кандидат сұраққа жауап бермедi

1 — 2 балл — кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсiнiгi бар

3 — 4 балл — кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы бiледi

5 балл — кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген

2-сұраққа жауап (ситуациялық):

0 балл — кандидат жауап бермедi

1 — 2 балл — кандидат жағдайға тиiмсiз тәсiлдi сипаттады

3 — 4 балл — кандидат жалпы дұрыс тәсiлдi сипаттады, бiрақ әрекет етудiң толық алгоритмiн ұсына алмады

5 балл — кандидат дұрыс тәсiлдi сипаттап, әрекет етудiң дәлелдi алгоритмiн ұсынды

3-сұраққа жауап (уәждемелiк):

0 балл — кандидат жауап ұсынбады

1 — 2 балл — кандидаттың лауазым таңдау туралы негiздемесi әлсiз дәлелденген, үйлесiмсiз, кандидаттың одан әрi жоспарлары туралы анық түсiнiгi жоқ

3 — 4 балл — кандидаттың лауазым таңдау туралы негiздемесi және кейiнгi жоспарлары жалпы дәлелденген, бiрақ анық мақсаттары көрсетiлмеген

5 балл — кандидаттың лауазым таңдау туралы негiздемесi дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған

Кәсiби тәжiрибе:

0 балл — лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн салаларда кәсiби тәжiрибесi жоқ

1 балл — бiр жылға дейiнгi тиiстi кәсiби тәжiрибе

2 балл — бiр жылдан екi жылға дейiнгi тиiстi кәсiби тәжiрибе

3 балл — екi жылдан үш жылға дейiнгi тиiстi кәсiби тәжiрибе

4 балл — үш жылдан төрт жылға дейiнгi тиiстi кәсiби тәжiрибе

5 балл — тиiстi кәсiби тәжiрибесi бес жыл немесе одан астам

Бiлiм деңгейi:

1 балл — бiлiмi сәйкес келедi

2 балл — тиiстi саладағы магистр

3 балл — тиiстi саладағы PhD доктор

4 балл — тиiстi салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар

5 балл — тиiстi салада ғылым докторы ғылыми дәрежесi бар

Басқару дағдылары:

1 балл — басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжiрибесi үш жылға дейiн

2 балл — басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжiрибесi үш жылдан төрт жылға дейiн

3 балл — басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжiрибесi төрт жылдан бес жылға дейiн

4 балл — басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжiрибесi бес жылдан алты жылға дейiн

5 балл — басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжiрибесi 6 жыл және одан астам

Коммуникативтiк дағдылар:

0 балл — кандидат әңгiме жүргiзу қабiлетiн көрсетпедi

1 балл — кандидат әңгiменi қысылып жүргiзедi, жетекшi сұрақтарға әрекет етпейдi

2 — 3 балл — кандидат әңгiменi қысылып жүргiзедi, бiрақ жетекшi сұрақтарға әрекет етедi

4 балл — кандидат кәсiби тақырып бойынша әңгiменi жеңiл жүргiзедi, бiрақ ситуациялық және уәждемелiк сұрақтар кезiнде ой қисынын жоғалтады

5 балл — кандидат кәсiби тақырып бойынша әңгiменi еркiн жүргiзедi, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап бередi.

Кандидатты бағалау парағы

(атқарушы лауазымдар үшiн)

Кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

__________________________________________________________________________

Лауазымы _________________________________________________________________

1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тiзiмiндегi нөмiрi)___________________________________

2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тiзiмiндегi нөмiрi) ___________________________________

3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тiзiмiндегi нөмiрi) ___________________________________

Өлшем

Балл *

1-сұраққа жауап (бейiндi)

2-сұраққа жауап (ситуациялық)

3-сұраққа жауап (уәждемелiк)

Кәсiби тәжiрибе

Бiлiм деңгейi

Коммуникативтiк дағдылар

Барлығы

Ескертпе:

* 0-ден 5 баллға дейiн қойылады

** қосымша критерий мемлекеттiк органмен қажет болған жағдайда дербес айқындалады

1-сұраққа жауап (бейiндi):

0 балл — кандидат сұраққа жауап бермедi

1 — 2 балл — кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсiнiгi бар

3 — 4 балл — кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы бiледi

5 баллов — кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген

2-сұраққа жауап (ситуациялық):

0 балл — кандидат жауап бермедi

1 — 2 балл — кандидат жағдайға тиiмсiз тәсiлдi сипаттады

3 — 4 балл — кандидат жалпы дұрыс тәсiлдi сипаттады, бiрақ әрекет етудiң толық алгоритмiн ұсына алмады

5 балл — кандидат дұрыс тәсiлдi сипаттап, әрекет етудiң дәлелдi алгоритмiн ұсынды

3-сұраққа жауап (уәждемелiк):

0 балл — кандидат жауап ұсынбады

1 — 2 балл — кандидаттың лауазым таңдау туралы негiздемесi әлсiз дәлелденген, үйлесiмсiз, кандидаттың одан әрi жоспарлары туралы анық түсiнiгi жоқ

3 — 4 балл — кандидаттың лауазым таңдау туралы негiздемесi және кейiнгi жоспарлары жалпы дәлелденген, бiрақ анық мақсаттары көрсетiлмеген

5 балл — кандидаттың лауазым таңдау туралы негiздемесi және кейiнгi жоспарлары үйлесiмдi, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған

Кәсiби тәжiрибе:

0 балл — лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетiн салаларда кәсiби тәжiрибесi жоқ

1 балл — бiр жылға дейiнгi тиiстi кәсiби тәжiрибе

2 балл — бiр жылдан екi жылға дейiнгi тиiстi кәсiби тәжiрибе

3 балл — екi жылдан үш жылға дейiнгi тиiстi кәсiби тәжiрибе

4 балл — үш жылдан төрт жылға дейiнгi тиiстi кәсiби тәжiрибе

5 балл — тиiстi кәсiби тәжiрибесi бес жыл және одан астам

Бiлiм деңгейi:

1 балл — бiлiмi сәйкес келедi

2 балл — тиiстi саладағы магистр

3 балл — тиiстi саладағы PhD доктор

4 балл — тиiстi салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар

5 балл — тиiстi салада ғылым докторы ғылыми дәрежесi бар

Коммуникативтiк дағдылар:

0 балл — кандидат әңгiме жүргiзу қабiлетiн көрсетпедi

1 балл — кандидат әңгiменi қысылып жүргiзедi, жетекшi сұрақтарға әрекет етпейдi

2 — 3 балл — кандидат әңгiменi қысылып жүргiзедi, бiрақ жетекшi сұрақтарға әрекет етедi

4 балл — кандидат кәсiби тақырып бойынша әңгiменi жеңiл жүргiзедi, бiрақ ситуациялық және уәждемелiк сұрақтар кезiнде ой қисынын жоғалтады

5 балл — кандидат кәсiби тақырып бойынша әңгiменi еркiн жүргiзедi, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап бередi.

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет iстерi және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

iс-қимыл агенттiгi төрағасының

2017 жылғы 21 ақпандағы

№ 40 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк

лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттiк қызметшiлердi және мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне кiруiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi және мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi және құқық қорғау қызметiне кiретiн азаматтарды тестiлеу тәртiбiн, бағдарламаларын, тестiлеудi ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ тестiлеу нәтижелерiне шағым жасау тәртiбiн айқындайды.

2. Тестiлеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк қызметшiсi болып табылатын тестiлеу әкiмшiсiмен (бұдан әрi — әкiмшi) өткiзiледi.

3. Тестiлеудi өткiзудiң әдiлдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудiң, тестердiң мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкiмшiлердiң сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.

4. Тестiлеу рәсiмдерiн, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету "Мемлекеттiк қызметтiң персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi — Орталық) жүзеге асырылады.

2-тарау. "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алуға үмiткерлердi тестiлеу

5. "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алуға үмiткерлердi (бұдан әрi — "А" корпусының резервiне үмiткерлер) тестiлеу келесi кезеңдерден тұрады:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасын бiлуге арналған тестiлеу;

2) логикалық тест;

3) бiлiктiлiк деңгейiн анықтауға тестiлеу;

4) мемлекеттiк тiлдi бiлуге арналған тестiлеу.

6. Тестiлеу өткiзудiң кезеңi уәкiлеттi орган қалыптастырған кестеге сәйкес үш жұмыс күнiнен аспайды.

7. "А" корпусының резервiне кандидат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тестiлеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеудi "А" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне iрiктеуге қатысу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң санаты бойынша өтедi.

8. Қазақстан Республикасы заңнамасын бiлуге арналған тестiлеудiң осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетiлген мәндерден төмен нәтижелердi алған "А" корпусының резервiне үмiткерлер, тестiлеудiң келесi кезеңiне жiберiлмейдi.

9. "А" корпусының резервiне үмiткерлердi мемлекеттiк тiлдi бiлуге арналған тестiлеу ҚАЗТЕСТ — қазақ тiлiнiң деңгейiн бағалау жүйесiнiң стандарттарына сәйкес өткiзiледi.

10. Мемлекеттiк тiлдi бiлуге арналған, сондай-ақ құзыреттер деңгейiн анықтауға тестiлеудiң шектi мәнi жоқ.

11. "А" корпусының кадр резервiне бiр конкурстық iрiктеу аясында "А" корпусының резервiне үмiткерлер өтiнiште көрсетiлген тиiстi санат, топ және кiшi топ үшiн әр тестiлеу бағдарламасы бойынша бiр рет тестiлеуден өтедi.

3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеу

12. Уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi (бұдан әрi — Б" корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеудi азаматтардың өтiнiш бiлдiруi бойынша өткiзедi.

13. "Б" корпусының лауазымына үмiткерлер тестiлеуге қатысу үшiн тестiлеу күнiне дейiн бiр күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясына (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) жүгiну арқылы өтiнiш (бұдан әрi — Өтiнiш) тапсырады.

"Б" корпусының лауазымына кандидат Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

"Б" корпусының лауазымына үмiткерлер тестiлеуге қатысу үшiн құжаттарды "электрондық үкiмет" веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңестi Мемлекеттiк корпорацияда, уәкiлеттi органда немесе оның аумақтық бөлiмшесiнде ала алады.

14. "Б" корпусының лауазымына кандидат тестiлеудiң күнiн және уақытын тестiлеу өткiзуге бар бос орындар негiзiнде таңдайды.

Тестiлеуге жазылу "электрондық үкiмет" веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестiлеу күнi, уақыты және өту орны көрсетiлген қолхатпен расталады.

15. "Б" корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тестiлеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеуден оның өтiнiшiнде көрсеткен "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының санаты бойынша өтедi.

16. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн бiлуге арналған тестiлеуден өту үшiн мән белгiленбейдi.

17. Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеудiң осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетiлген мәндерден төмен емес нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үмiткерге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестiлеу өткендiгi туралы сертификат (бұдан әрi — Сертификат) берiледi.

Бiрiншi тестiлеу бағдарламасы бойынша берiлген сертификат екiншi және үшiншi тестiлеу бағдарламаларына жататын "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң лауазымдар санаттарына жарамды.

Екiншi тестiлеу бағдарламасы бойынша берiлген сертификат үшiншi тестiлеу бағдарламасына жататын "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң лауазымдар санаттарына жарамды.

18. Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар тестiлеу өткiзiлген күннен бастап бiр жылдың iшiнде жарамды.

19. Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетiлген мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үмiткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестiлеу өткендiгi туралы анықтама берiледi.

Бұл жағдайда, қайта тестiлеуге алдыңғы тестiлеу өткiзiлген күннен бастап екi айдан кем емес мерзiмнен кейiн жол берiледi.

20. Сертификат оның қолданылу мерзiмi iшiнде жоғалған немесе бүлiнген жағдайда "Б" корпусының лауазымына үмiткерлер осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификаттың телнұсқасын электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттiк корпорацияға жүгiну арқылы ала алады.

4-тарау. Б" корпусының лауазымына үмiткерлердiң жеке қасиеттерiн бағалауды жүргiзу тәртiбi

21. "Б" корпусының лауазымына үмiткерлердiң жеке қасиеттерiн бағалау тестiлеу нысанында жүргiзiледi.

22. "Б" корпусының лауазымына үмiткерлердiң жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеудi аяқтағаннан кейiн тестiлеу кестесiне сәйкес жүргiзiледi.

Бұл ретте, жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеуге осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамлар жiберiлмейдi.

23. Тестiлеу бағдарламаларында көрсетiлген Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеуге тестiлеу кестесiне сәйкес келмеген адамлар жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеуге осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарымен белгiленген тәртiпте қатысуға жiберiледi.

24. "Б" корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес тестiлеу бағдарламасы бойынша жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеуден оның өтiнiшiнде көрсеткен "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының санаты бойынша өтедi.

25. "Б" корпусының лауазымына үмiткердiң жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеудiң нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды берiледi.

"Б" корпусының лауазымына үмiткердiң жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген қорытындылары осындай тестiлеу өткiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде жарамды.

5-тарау. Тестiлеудi ұйымдастыру тәртiбi

26. Тестiлеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамлар жiберiледi.

Тестiлеуге қатысу үшiн кандидат қолхатта көрсетiлген уақыттан кешiкпей тестiлеу залына келуi тиiс.

27. Тестiлеу басталғанға дейiн әкiмшi тестiленушi адамларды тестiлеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестiлеу рәсiмдерiне қатысты туындаған сұрақтарға жауап бередi.

28. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамлар ол туралы әкiмшiге тестiлеу өткiзу басталғанға дейiн хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамларды тестiлеу осы күнгi басқа уақытта немесе тестiлеу кестесiне сәйкес басқа күнi өткiзiледi.

29. Тестiлеу кестесi автоматты түрде айқындалады.

30. Тестiлеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар "Б" корпусы лауазымына кандидатты сәйкестендiру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.

31. Әрбiр жұмыс станциясы кандидатты суретке түсiру және тестiлеу процесiне бейне жазба жүргiзу үшiн веб-камерамен жабдықталады.

32. Тестiлеуден өтетiн адамдар басқа адамдармен сөйлеспейдi, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейдi.

Тестiлеуден өтетiн адамдарға тестiлеу залына қабылдайтын-беретiн электрондық құрылғылар (оның iшiнде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кiргiзуге рұқсат берiлмейдi. Мұндай құрылғылар тестiлеудi өткiзу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.

33. Тестiленушi адам осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын бұзған жағдайда әкiмшi осындай адамның тестiлену процесiн тоқтатады және оны тестiлеу үшiн орын-жайдан шығарып жiбередi.

Бұл ретте әкiмшi бiр жұмыс күн iшiнде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актiнi (бұдан әрi — бұзу туралы акт) толтырады.

Акт толтырылған адамлар қайта тестiлеудi бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзiмнен кейiн өтедi. Осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын бұзған адамлардың тестiлеу нәтижелерi жойылады.

34. Тестiлеудi еңсерiлмейтiн күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкiн болмаған жағдайда тестiлеу тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы тестiлеудi тоқтата тұру туралы акт жасалады.

Мұндай жағдайда, "Б" корпусының лауазымына кандидат тестiлеуге осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында айқындалған тәртiпте жазыла алады.

35. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестiлеу автоматты түрде жабылады.

36. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестiлеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.

37. Тестiлеу аяқталғаннан кейiн жиырма минуттан кеш емес уақытта адамларға тестiлеу әкiмшiсiнiң және оператордың қолы қойылған, мөрмен расталған тестiлеу нәтижелерi берiледi.

6-тарау. Тестiлеу нәтижелерiне шағым жасау тәртiбi

38. Үмiткерлердың Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеу нәтижелерi бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде апелляциялық комиссиялар құрылады.

39. Апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы уәкiлеттi орган басшысының немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және барлық деңгейдегi мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң (үкiметтiк емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкiлдерi қосылуы мүмкiн.

40. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады.

Апелляциялық комиссияның iс-қағаздарын жүргiзу уәкiлеттi орган басшысының немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.

41. Аумақтық бөлiмшелердiң апелляциялық комиссиясы тестiлеу бағдарламаларында көрсетiлген Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеудiң төмен нәтижесiн алған "Б" корпусының лауазымына үмiткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.

42. Апелляцияға кандидаттан келесi шағымдар қабылданады:

1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;

2) техникалық ақаулықтарға сiлтеме жасап, тестiлеу нәтижелерiне шағымдану;

3) тестiлеу қағидаларын бұзу туралы актiге шағымдану;

4) тестiлеудiң қалыпты барысына кедергi болған жағдайларға сiлтеме жасап, тестiлеу нәтижелерiне шағымдану.

43. Осы Қағидалардың 1 және 4-қосымшаларында көрсетiлген Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеуде мәндерден төмен нәтиже алған үмiткерлердан 12-қосымшаға сәйкес нысандағы апелляцияға шағым апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке берiледi. Апелляцияға шағым тестiлеуден өткен күннен кейiн 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.

Апелляциялық комиссияның отырысы түскен шағымдардың санына байланысты өткiзiледi.

44. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген үмiткерлердың тестiлеудiң толық нәтижелерi қарастырылады.

Тестiлеудiң толық нәтижелерi өзiне үмiткердiң дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары және оның жауап нұсқасы қосады.

45. Апелляцияға шағым берген үмiткерлердың тестiлеудiң толық нәтижелерi апелляциялық комиссияға Орталықпен сұрау бойынша ұсынылады.

Бұл ретте, тестiлеудiң толық нәтижелерi "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгiсiмен ресiмделедi және үмiткерлерға тек танысу үшiн берiледi.

46. Апелляциялық комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешiмдерi екi данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерiмен қол қойылуға тиiс хаттамалармен ресiмделедi. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екiншi данасы Орталыққа жiберiледi және бiр жыл iшiнде сақталады.

Апелляциялық комиссияның шешiмi мүшелердiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.

47. Апелляциялық комиссия апелляцияға берiлген шағымды қарастыру нәтижесi бойынша екi шешiмнiң бiрiн қабылдайды:

1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;

2) үмiткердiң апелляциясын қанағаттандыру және оны тестiлеудi қайта тапсыруға жiберу.

Бұл ретте, үмiткер Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеудi қайта тапсыруға бiр рет қана жiберiледi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 1-қосымша

"А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алуға үмiткерлерды

Қазақстан Республикасы заңнамасын бiлуге арналған тестiлеу бағдарламалары

1. "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алуға үмiткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын бiлуге арналған тестiлеу үш бағдарламадан тұрады:

1) бiрiншi бағдарлама "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметi лауазымдарынының (бұдан әрi — "А" корпусының лауазымдары) бiрiншi және үшiншi санаттарына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы"(10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы"(10 сұрақ), "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актiлер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестердi қамтиды.

Бiрiншi бағдарлама бойынша тестердi орындау үшiн жалпы уақыт 90 минутты құрайды.

2) екiншi бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының екiншi санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актiлер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестердi қамтиды.

Екiншi бағдарлама бойынша тестердi орындау үшiн жалпы уақыт 90 минутты құрайды.

3) үшiншi бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының төртiншi санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестердi қамтиды.

Үшiншi бағдарлама бойынша тестердi орындау үшiн жалпы уақыт 75 минутты құрайды.

2. "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алуға үмiткерлер үшiн тестiлеудi өту мәнi әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша мүмкiн болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауапты құрайды.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 2-қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi

____________________________________

тел._________________________________

эл. мекенжайы _______________________

Өтiнiш

Менi "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң мемлекеттiк тiл мен

заңнаманы бiлуге ____ бағдарламасы және жеке қасиеттердi бағалаудың ____ бағдарламасы

бойынша тестiлеуге жiберуiңiздi сұраймын.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi тестiлеудi ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының

негiзгi талаптарымен таныстым, келiсемiн және оларды орындауға мiндеттенемiн.

Тестiлеу өту мекенжайы: ___________.

Тестiлеу өтудi қалаған күнi: ________.

Тестiлеу өтудi қалаған уақыты: _____.

"___" ___________________ 20 __ ж.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 3-қосымша

Нысан

ҚОЛХАТ

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға үмiткердiң

_____________________________________ өтiнiшi қабылданды.

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

Тестiлеу өту күнi: __________________________________________________________

Тестiлеу өту уақыты: _______________________________________________________

Тестiлеу өту мекенжайы: ____________________________________________________

Тестiлеу бағдарламасы: _____________________________________________________

Тестiлеу бағдарламасында көзделген құқықтық актiлер:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын бiлуге арналған тестiлеуден өту

кезiнде шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына үмiткерлер қайта

тестiлеудi алдыңғы тестiлеу өткiзiлген күннен бастап екi айдан кем емес мерзiмнен кейiн өтедi.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған

тестiлеудi өтуге тiркеу жүйесiмен "электрондық үкiмет" порталы арқылы берiлдi.

"___" ___________________ 20 __ ж.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 4-қосымша

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеу бағдарламалары

"Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеу үш бағдарламадан тұрады:

1) бiрiншi бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесiнi қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн бiлуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" (15 сұрақ), "Құқықтық актiлер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Бiрiншi бағдарлама бойынша тестiлеудi өту мәндерi барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бiрiншi бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тестердi орындау үшiн жалпы уақыт 115 минуттi құрайды.

2) екiншi бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесiнi қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн бiлуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екiншi бағдарлама бойынша тестiлеудi өту мәндерi барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екiншi бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тестердi орындау үшiн жалпы уақыт 105 минуттi құрайды.

3) үшiншi бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесiнi қамтиды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн бiлуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Үшiншi бағдарлама бойынша тестiлеудi өту мәндерi барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшiншi бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тестердi орындау үшiн жалпы уақыт 85 минуттi құрайды.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 5-қосымша

Нысан

СЕРТИФИКАТ

______________________________________"Б" корпусының

(үмiткердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___"______________ 20 __ ж. өткенiн растайды.

Сурет

Тест атауы

Тестiлеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестiлеудi өту мәнi

Дұрыс жауаптардың саны

ҚОРЫТЫНДЫ

Сертификаттың қолданылу мерзiмi тестiлеу өткен күннен бастап бiр жыл болып

табылады.

Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

санаттарына жарамды.

Тестiлеу әкiмшiсiнiң қолы: _________________________

Тестiлеу операторының қолы: ______________________

"___" ___________________ 20 __ ж.

М.О.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 6-қосымша

Нысан

Тестiлеудi өту мәндерiнен төмен нәтижелерiмен тестiлеуден өткенi туралы

АНЫҚТАМА

______________________________________________________

(үмiткердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен

заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеуден

_________________ қаласында "___" __________ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша тестiлеудi өту мәндерiнен төмен нәтижелерiмен тестiлеуден өткенi туралы берiлдi.

Сурет

Тест атауы

Тестiлеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестiлеудi өту мәнi

Дұрыс жауаптардың саны

ҚОРЫТЫНДЫ

Осы үмiткер қайта тестiлеудi осы тестiлеу өткiзiлген күннен бастап екi айдан кем емес

мерзiмнен кейiн өте алады.

Тестiлеу әкiмшiсiнiң қолы: __________________________________________________

Тестiлеу операторының қолы: _______________________________________________

М.О. "___" ___________________ 20 __ ж.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 7-қосымша

Нысан

ТЕЛНҰСҚА

СЕРТИФИКАТ

______________________________________"Б" корпусының

(үмiткердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi мен заңнамаларын бiлуге арналған тестiлеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___" _____________ 20__ ж. өткенiн растайды.

Сурет

Тест атауы

Тестiлеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны

Тестiлеудi өту мәнi

Дұрыс жауаптардың саны

ҚОРЫТЫНДЫ

Сертификаттың қолданылу мерзiмi тестiлеу өткен күннен бастап бiр жыл болып

табылады.

Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

санаттарына жарамды.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған

сертификат телнұсқасын беру жүйесiмен "электрондық үкiмет" порталы арқылы берiлдi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 8-қосымша

"Б" корпусының лауазымына үмiткерлердың жеке қасиеттерiн бағалауға арналған тестiлеу бағдарламалары

"Б" корпусының лауазымына үмiткерлердың жеке қасиеттерiн бағалауға арналған тестiлеу екi бағдарламадан тұрады:

1) бiрiншi бағдарлама А-1, А-2, А-3, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-O-4, C-R-1, C-R-2, C-R-3, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесiнi қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтiлiк (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептiлiк (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейiн анықтауға арналған тестер;

Бiрiншi бағдарлама бойынша тестердi орындау үшiн жалпы уақыт 90 минуттi құрайды.

Бiрiншi бағдарлама үшiн мүмкiн болатын 4 (төрт) баллдан қатерлi аймақ: бастамашылық — 1,5 балл, коммуникативтiлiк — 2 балл, сараптамалық — 2,5 балл, ұйымдасқандық — 1,5 балл, стратегиялық ойлану — 1,5 балл, көшбасшылық — 1,5 балл, әдептiлiк — 1,5 балл, сапаға бағдарлану — 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану — 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау — 2 балл.

2) бағдарлама А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесiнi қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтiлiк (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептiлiк (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейiн анықтауға арналған тестер;

Екiншi бағдарлама бойынша тестердi орындау үшiн жалпы уақыт 75 минуттi құрайды.

Екiншi бағдарлама үшiн мүмкiн болатын 4 (төрт) баллдан қатерлi аймақ: бастамашылық — 1,5 балл, коммуникативтiлiк — 1,5 балл, сараптамалық — 2 балл, ұйымдасқандық — 1,5 балл, әдептiлiк — 1,5 балл, сапаға бағдарлану — 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану — 1 балл, жемқорлыққа шыдамау — 2 балл.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 9-қосымша

Нысан

"Б" корпусының лауазымына үмiткерлердың жеке қасиеттерiн бағалауға арналған тестiлеу қорытындысы бойынша тұжырым

Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда):  
Тестілеу күні мен уақыты:  
"Б" корпусы лауазымының санаты  

Сурет

 

Қатерлi аймақ — бұл үмiттенген лауазымда қызмет ету үшiн жеке қасиеттерiн көрсету

деңгейiнiң жеткiлiксiздiгiнiң сипаттамасы.

Тестiлеу әкiмшiсiнiң қолы: __________________________________________________

Тестiлеу операторының қолы: _______________________________________________

М.О.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 10-қосымша

Нысан

Тестiлеу ережелерiн бұзу туралы

АКТ

201_ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.

Тестiлеу әкiмшiсi

__________________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда))

Тестiлеу операторы

__________________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда))

Қызметшiнiң/үмiткердiң ________________________ ЖСН

__________________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

үмiткерлердi тестiлеудi ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының 32-тармағын

бұзу фактiсi анықталды:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

(Қағидаларды бұзудың қысқаша сипаты)

Тестiлеу әкiмшiсiнiң қолы:

__________________________________________________________________________

Тестiлеу операторының қолы:__________________________________________

Актiмен таныстым:

__________________________________________________________________________

(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшiнiң/үмiткердiң қолы, тегi, аты,

әкесiнiң аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген

қызметшiнiң/үмiткердiң осы актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда — тиiстi жазба)

________________________________________________________________________________

(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшiнiң/үмiткердiң осы актiге қол

қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған

жағдайда), ЖСН)

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 11-қосымша

Нысан

Тестiлеу рәсiмiн тоқтату туралы актi

Күнi: ___________ ___________ қаласы

Бiз, төменде қол қойғандар, тестiлеу рәсiмiн тоқтату туралы осы акттi 20__ жылдың

"___" __________ ___ сағ. ___мин.

http://adilet.zan.kz/files/1020/71/1.jpg

байланыс ақауының

http://adilet.zan.kz/files/1020/71/2.jpg

компьютерлiк техника ақауының

http://adilet.zan.kz/files/1020/71/3.jpg

тоқ қуаты ақауының

http://adilet.zan.kz/files/1020/71/4.jpg

өзге себептiң

салдарынан жасадық.

Тестiлеудi тоқтату себебi бойынша қосымша ақпарат:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Тестiлеу келесi адамларға қатысты тоқтатылды:

1. Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ЖСН

Тестiлеу залы әкiмшiсiнiң

Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:

Тестiлеу залы операторның

Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:

Мемлекеттiк әкiмшiлiк

қызметшiлердi, мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi

тестiлеудi ұйымдастыру,

бағдарламалары мен

қағидаларына 12-қосымша

Нысан

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi

уәкiлеттi органның

__________________________ бойынша

аумақтық бөлiмшесi апелляциялық

комиссиясының Төрағасына

___________________________________

(тестiленушi адамның Т.А.Ә.

(ол болған жағдайда))

___________________________________

(тестiленушi адамның ЖСН)

Тел.________________________________

Эл. мекенжайы______________________

Өтiнiш

Менi, 20__ жылдың ____________________ _____________________қ.

(тестiлеу күнiн көрсету)

өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлеу нәтижелерi

бойынша шағымдануға рұқсат берудi сұраймын.

Тестiлеу нәтижелерiне шағым беру талабымның мәнi:

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға үмiткерлердi тестiлеудi ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының

негiзгi талаптарымен таныстым, келiсемiн және оларды орындауға мiндеттенемiн.

"___" _______________ 20__ж.

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет iстерi және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

iс-қимыл агенттiгi төрағасының

2017 жылғы 21 ақпандағы

№ 40 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

1. "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тiркелдi).

2. "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi Министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi Министрiнiң 2016 жылғы 19 сәуiрдегi № 81 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылы 19 мамырда № 13720 болып тiркелдi).

3. "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2016 жылғы 19 мамырдағы № 104 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылы 23 маусымда № 13817 болып тiркелдi)

Дата создания статьи: 09.11.2017 17:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 18:09
Қаралым саны: 524
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

-

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz