A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Қазақстан 2050 стратегиясы

2050 Стратегиясының жаңа логотипi бiрлiктiң мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бiрлiк пен қауымдастық белгiсiн бейнелейтiн әлем аллюзиясының бiрiгуi мен үндесу идеясын көрсетедi.

Бiрiншiден, логотиптiң негiзi болып табылатын шаңырақты бiз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйiмiздiң призмасынан көрiнетiн аспанның символы. Бiзде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзi «шаң» — күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себептi де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегi бiрлiктiң белгiсi ретiнде танылады.

2050 Стратегиясының жаңа логотипiнен қазақ киiз үйiнiң керегесiн де аңғара аламыз. Керегенiң мақсаты киiз үйдi бiрiктiрiп ұстап тұру десек, бiз алып отырған кереге беглгiсiнiң Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.

Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан елiмiздегi барлық ұлт өкiлдерiнiң бiрлiгi, сондай-ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейiнгiлердiң өзара татулығын байқаймыз. Өйткенi, қазақстандықтардың барлығы тiзе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестердi бағындыра алмақ.

 

Стратегия символының негiзi мемлекеттiк елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегi, теңiздiң шексiздiгi, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бiрлiгi.

Белгiнiң мазмұны бiрлiк пен қуатта.

Аталмыш белгi Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетiн дөңгелек шеңбер түрiндегi қиылысқан жартылай мөлдiр сәулелерден тұрады.

Мақала құрылған уақыты: 08.11.2017 17:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.02.2018 09:45
Қаралым саны: 650
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89, 2 қабат 225 кабинет

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz