A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

05.06.2017 жыл

Барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б»корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс

«Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ (02000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көшесi 89 үй, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)25-13-58, факс: 8(716-2)25-75-42 электрондық мекен-жайы: 257542zem@mail.ru) барлық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Құқықпен қамтамасыз ету бөлiмiнiң басшысы-мемлекеттiк инспекторы, санаты «D-О-3»,1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 109 930 теңгеден 148 242 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Бөлiм жұмысын ұйымдастыру; бөлiмге жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету; басқарманың құқықтық қызметiн жүзеге асыру және бақылау; Басқарманың куәландырушы құжаттарын дайындау; Қазақстан Республикасы Жер кодексiнде берiлген мәселелер бойынша және жеке, заңды және лауазымды тұлғаларға салынған айып пұлдарды өндiру жөнiнде сотқа талап арыздарды дайындау және ұсыну; жер қатынастары мәселесi бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен, прокуратурамен,соттармен және басқа да органдармен қарым-қатынастар, бөлiмге жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету; басқарма қызметкерлерi үшiн құқықтық бiлiм мектептерiн ұйымдастыру және өткiзу; қызметкерлерге құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру, сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес басқа да мiндеттердi атқару.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары бiлiм, құқық саласында.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес

салаларда үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде орталық немесе облыстық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық

деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды шақырады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанда дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен) құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 2 сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-дежәне мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-де өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларына 2-қосымша

Нысан

__________________________

(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi___________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк

лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын

қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен

келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берiлген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________

________ ______________________________

қолы(Тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақала құрылған уақыты: 10.11.2017 09:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.11.2017 09:41
Қаралым саны: 651

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89, 2 қабат 225 кабинет

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz