A- A A+
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
Жер заңды негізде

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексiнiң 43 бабының 10 тармағына сәйкес, егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 136 бабына сәйкес (Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу),

- Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленiп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау — жеке тұлғаларға — жетпiс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — бiр жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — бiр жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 92 бабына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) iшiнде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншiгiндегi жер учаскесiн қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Құрылыс үшiн арналған, бiрақ нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерiне базалық салық мөлшерлемелерi жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша уәкiлеттi органымен жер иесiне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесiн мақсаты бойынша пайдалану және ҚР-ның заңнамасы бұзушылықтарын жою қажеттiлiгi туралы жазбаша ескертудi табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.

Егер ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, оның iшiнде, шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскесi пайдаланбау фактiсi алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екi жыл мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Жергiлiктi өкiлдi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық Кодексiнiң 378 бабында белгiленген бiрыңғай жер салығының мөлшерлемелерiн он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.

Жер учаскесiн тартып алу туралы заңды күшiне енген сот шешiмi жер учаскесi тартыл алынған тұлғаны сәйкес тұлғалар тiзiмiне енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Заң нормалары туралы толық ақпаратты алу үшiн Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына 8(7162)25-15-84 телефоны

ҚР- ның Бас прокуратурасымен ағымдағы жылдың 3 тоқсанында «Жер заңды негiзiнде — жердi өз бетiмен жаппай басып алуды тоқтатайық» жобасы iске асырылады. Жобаны iске асыру шеңберiнде жер учаскелерiн өз бетiмен заңсыз басып алу фактiлерiн жоюға бағытталған құқық түсiндiру жұмыстарын жүргiзу қарастырылған.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексiнiң 43 бабының 10 тармағына сәйкес, егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 136 бабына сәйкес (Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу),

- Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленiп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау — жеке тұлғаларға — жетпiс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — бiр жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — бiр жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 92 бабына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) iшiнде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншiгiндегi жер учаскесiн қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Құрылыс үшiн арналған, бiрақ нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерiне базалық салық мөлшерлемелерi жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша уәкiлеттi органымен жер иесiне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесiн мақсаты бойынша пайдалану және ҚР-ның заңнамасы бұзушылықтарын жою қажеттiлiгi туралы жазбаша ескертудi табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.

Егер ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, оның iшiнде, шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскесi пайдаланбау фактiсi алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екi жыл мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Жергiлiктi өкiлдi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық Кодексiнiң 378 бабында белгiленген бiрыңғай жер салығының мөлшерлемелерiн он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.

Жер учаскесiн тартып алу туралы заңды күшiне енген сот шешiмi жер учаскесi тартыл алынған тұлғаны сәйкес тұлғалар тiзiмiне енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Прокуратура ескертедi: жермен байланысты алаяқтық бар!

Жердi сатып алмай тұрып келесiдей жағдайға назар аударыңыз:

Сатушының қолында оның меншiк иесi екендiгiн растайтын 3 құжат болуы керек:

- Жерге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу куәлiгi;

-Меншiк құқығын тiркеуге негiз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу — сату шарты, мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк және т.с.с.);

-Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесiнiң кадастрлық номерi, алаңы және нақты мекенжайы көрсетiлуi тиiс.

Аталған құжаттардың барлығында да меншiк иесi туралы мәлiмет бiрдей болуы керек.

Меншiк иесi жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тiркеу, салық органында есеп тұру куәлiгiн тексерген және Заңды тұлғалардың бiрыңғай тiзiлiмiнен анықтаманы алған жөн.

Сатып алушыдан көбiрек ақша алу мақсатында алаңы үлкенiрек және iс жүзiнде басқа жерде орналасқан жер көрсетiлуi мүмкiн.

Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестiгiн мұқият тексеру керек.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номерi арқылы хабарласа аласыз.

Заң нормалары туралы толық ақпаратты алу үшiн Ақмола облысының аға прокуроры Н.Сулейменовтiн 8(7162)25-80-18 телефоны

Дата создания статьи: 09.11.2017 10:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.11.2017 17:17
Қаралым саны: 357
@2018 Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

-

8 (7162) 25-75-42;

ukioz@akmo.kz